АҚШ-та қазақстандық оқушы тепкінің астында қалды (ВИДЕО)

АҚШ-та қазақстандық оқушы тепкінің астында қалды (ВИДЕО)

АҚШ-та қазақстандық оқушы тепкінің астында қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
АҚШ-та 15 шақты бала қазақстандық жасөспірімді соққының астына алды. Видеоны журналист Анастасия Чумакова Telegram желісіне жариялады. Оның айтуынша, жанжал діни және этникалық негізде бірнеше рет орын алған, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Оның әріптесі Михаил Козачков Бруклиндегі жалғыз мектепте Өзбекстан мен Қазақстаннан келген иммигранттар арасындағы кикілжің көптен бері жалғасып келе жатқанын анықтады.
«Мен бұл постың ұлтаралық дау-дамайға айналғанын қаламаймын. Меніңше, қазір ең қарапайым нәрсе – Сыртқы істер министрінің назарын осы жағдайға аударып, елші немесе консулдық қызметпен байланыстырып, барлық мән-жайды анықтап, полицияға көмектесу керек сияқты. Зардап шеккендер – Қазақстан азаматтары және олар біздің қолдауымызды қажет етеді. Мүмкін жақын жерде тұратын кейбір оқырмандар да қандай да бір жолмен көмектесе алар»,- деп жазды Козачков.
Кейінірек жанжалға екі диаспора өкілдерінің қатысы бар екені анықталды. Бірақ төбелестің шығу себебі әлі белгісіз.
«АҚШ-тағы оқырмандардың айтуынша, қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Балаларға бөлісетін ештеңе жоқ екені түсіндіріліп, жанжалдаспай, керісінше, бір-біріне қолдау көрсету керектігі айтылып жатыр», - деп қосты журналист.
Бұл ретте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты ешқандай пікір бермеді.