Ұжымдық кеш жасаған кентаулық шенеуніктер камерадан қаша жөнелді (ВИДЕО)

Ұжымдық кеш жасаған кентаулық шенеуніктер камерадан қаша жөнелді (ВИДЕО)

Ұжымдық кеш жасаған кентаулық шенеуніктер камерадан қаша жөнелді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Кентау мейрамханаларының бірінде түсірілген видео пайда болды. Онда қызметкерлердің карантин талаптарына бағынбай, бас қосқаны айтылған, деп хабарлады turkystan.kz kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап. Отырыстың видеосы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Видео авторы «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Кентауда мерекелік шара ұйымдастырғанын, оған аудандардан қызметкерлер келгенін жеткізген. Осы ретте автор шенеуніктерге жаңажылдық кеш өткізуге болмайтынын, ал мектептерде балаларға арналған көптеген шараны өткізуге тыйым салынғанын еске салып, мұның қаншалықты дұрыс екенін сұрады. «Бұл қаншалықты дұрыс?» - дейді автор. Кадрдан полиция қызметкері мен камераға түсірген адамды көрген кейбір қонақтардың беттерін жауып, сыртқа қашып жатқанын байқауға болады. Бұл видеоға Түркістан облыстық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, 23 желтоқсан күні сағат түнгі 22.45 шамасында Кентау полиция бөліміне ер адамнан хабарлама келіп түскен. Ол өзін қоғам белсендісімін деп таныстырып, қаладағы мейрамханалардың бірінде жаңажылдық кеш өтіп жатқанын, карантин талаптары бұзылғанын айтқан. Осыдан кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары барған. Ғимаратта расында адамдардың жиналғаны, арақашықтықтың сақталмай, карантин талаптарының бұзылғаны анықталған. Полиция қызметкерлері аталмыш факті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар толтырып, санитарлық дәрігерлерге жіберген. Тиісті шешімді солар шығарады.