Иманбек Ресейдің жыл музыканты атанды

Иманбек Ресейдің жыл музыканты атанды

Иманбек Ресейдің жыл музыканты атанды
ашық дереккөзі
«MTV Russia» телеарнасы 2021 жылғы үздік музыканттардың тізімін жариялады. Үздік ондыққа «Grammy» сыйлығының иегері, қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов те енді, деп жазды turkystan.kz. Телеарна үздіктердің тізімін «Instagram»-дағы парақшасында жариялады. Сөйтіп, «Топ-10» тізімінде қазақстандық Иманбек Зейкеновтен бөлек, Мари Краймбери, Слава Марлоу, Муся Тотибадзе, Jony, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu және Анет Сай бар.
«Жыл бойы тыңдалған әуендер! «Жыл музыканты» марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктеріне арналған. Олар - жоғары сапалы музыка, өзіндік ерекшелік, аудиторияны тану және кәсіби орындаушылық мәдениетті біріктірген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей әртістер», - делінген «MTV» телеарнасының хабарламасында.
Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов - «Grammy» номинациясын жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Ол Roses SAINt JHN композициясы үшін осы марапатқа ие болды. Оның нұсқасында «Roses» трегі хитке айналып, 20 аптадан астам уақыт қатарынан «Billboard Hot 100» үздік ондығында тұрды.