Жаңалықтар

Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматы балабақшасында тәрбиеші бүлдіршіндерді оқтаумен ұрған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларды төпелеген сәті түскен бейнежазба тарады. Оның бұл әрекеті жұрттың ашуын тудырды, деп жазды turkystan.kz. karabulak.insta парақшасында жариялаған видеодан балабақша қызметкерінің кішкентай қыздың шашынан сүйрегенін көруге болады. Тағы бір сәтте қатыгез тәрбиеші балаларды оқтаумен ұрып шығады. Бұл әрекеті мекемедегі бейнекамералардың біріне түсіп қалған.