30 жастағы кәсіпқой боксшы оққа ұшты

30 жастағы кәсіпқой боксшы оққа ұшты

30 жастағы кәсіпқой боксшы оққа ұшты
ашық дереккөзі
АҚШ-та жол талғамайтын көлігін айдап бара жатқан ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Дэнни Келлиге шабуыл жасалды, деп жазды turkystan.kz. Қайғылы оқиға 25 желтоқсанда Мэриленд штатының Темпл-Хиллз қаласындағы Сент-Барнабас тас жолында орын алды. Полицияның өкілдерінің мәліметінше, боксшының көлігінің жанына тағы бір көлік тоқтап, жүргізушіге оқ жаудырған. Дәрігерлер 30 жастағы спортшының өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қала алмады. Қайғылы оқиға кезінде көлікте оның бүкіл отбасы болған. Абырой болғанда, оның азаматтық некедегі жолдасы мен үш баласы ешқандай жарақат алмаған. Кісі өлтірушіні табуға көмектесетін ақпарат үшін 25 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынылды.
«Бұл - Келли мырзаның отбасы мен достары үшін өте ауыр қаза. Бүгін Рождествода ол жақындарымен үйде бола алмайды. Қазір туыстары мерекені тойлаудың орнына, Келлиді жоқтап отыр», – деді полиция қызметкері Дэвид Блейзер.
Келли