Кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды

Кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды

Кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңнамалық тыйымға қарамастан, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан лауазымды тұлғаларды анықтады, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Бұл – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген адам ретінде қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу деген сөз. Шенеуніктің атына тіркелген жеке кәсіпкерлік Теміртау қаласындағы Мәдениет сарайына «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу бойынша 3,9 миллион теңге сомасына қызмет көрсеткен. Осыған ұқсас факт Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданында да тіркелген. Аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан. Аталған азаматтар Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ӘҚБтК-нің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың басынан бері әкімшілік құқықбұзушылық туралы 109 іс қозғап, 31,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке 100 жеке және 2 заңды тұлға тартылды.