Семейде пойыз жолаушысын зорламақ болған

Семей стансасында пойыздардың бірінде жолаушыны зорламақ болған. Бұл туралы IІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. 

Бұл дерек желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлімі және 24-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу басталған.

Бұл баптар бойынша кінәлі деп танылған азамат 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне жария етуге жатпайды, – делінген ведомство хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button