Назар салыңыз: Елордада бірнеше көшеде жылдамдық төмендетіледі
Назар салыңыз: Елордада бірнеше көшеде жылдамдық төмендетіледі
Нұр-Сұлтан қаласының үш көшесінде жылдамдық режимі сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілмек. Бұған соңғы уақыттары жол апаттарының жиілеуі себеп болған, деп жазды turkystan.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, енді бас шаһардың әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Р.Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралықта көлік жылдамдығын 60 км/сағ-тан асыруға болмайды. Сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолы бойындағы Күйгенжар тұрғын алабынан қала шекарасына дейін, Тұран даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолынан Ұлы дала даңғылына дейінгі аралықта ең жоғары жылдамдық 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін төмендетіледі.
«Сергек» жүйесінің бейнекамералары көліктердің жылдамдықты асыруын тіркеуді ертең, яғни 28 желтоқсаннан бастайды. Бұл қадам жол-көлік оқиғасының төмендеуіне әсер етеді деп күтілуде.