"Оралман" фильмі қазақ диаспорасы тұратын шет елдерде көрсетілмек

"Оралман" фильмі қазақ диаспорасы тұратын шет елдерде көрсетілмек

"Оралман" фильмі қазақ диаспорасы тұратын шет елдерде көрсетілмек
ашық дереккөзі
Алматыда "Оралман" фильмінің жабық көрсетілімі өтті. "Оралман" фильмінің басты кейіпкері - Сапарқұл қартаң әкесімен және отбасымен Ауғанстан жерінен Қазақстанға көшіп келеді. Елге оралған отандастар Төретамға қоныстанады. Сырттан келген ағайындар үшін қазақы тіршілік пен қоғамдағы кейбір мәселелер таңсық көрінеді. Ауғанстанда азаншы болып істеген Сапарқұл әуелде екіойлы күйде болады, себебі әкесі өмірден қайтқанда оны жерлейтін жерге рұқсат алу үшін бірнеше күн күту керектігіне ашуланады. Себебі, бейіт қазақ үшін тыйым салынған Байқоңыр аумағында. Десе де олар Үкіметтің жасап отырған жақсылықтарының куәсі болады. Қараусыз, қирап қалған зерттеу орталығын жөндеп, мешіт ашады. Фильмнің режиссері - Сәбит Құрманбек, сценарий авторы - Нұрлан Санжар. Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажына­биева сынды қазақстандық танымал актерлер қатысты. Фильм Тәжікстан мен Алматы облысында түсірілген. "Оралман" фильмінің жалпы көрсетілімі сәл кейінірек болады. Әзірге аталмыш туынды фестивальдерге қатысуда. Сондай-ақ "Қазақфильм" қазақ диаспорасы тұратын шет елдерде осы фильмді көрсетуді жоспарлап отыр.