Ақтаудағы жаңажылдық құттықтау мәтіні жұртты күлкіге қарық қылды

Ақтаудағы жаңажылдық құттықтау мәтіні жұртты күлкіге қарық қылды

Ақтаудағы жаңажылдық құттықтау мәтіні жұртты күлкіге қарық қылды
ашық дереккөзі
Ақтау қаласында ілінген жаңажылдық құттықтау көпшілікті күлкіге қарық қылды. Қала әкімдігінің өкілдері құттықтауда қате неден кеткенін түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желілерде қалалықтар Ынтымақ алаңындағы пластик қызғалдағы бар платформада жазылған инсталляцияға қатысты қызу пікір білдіріп жатыр. «С новым годым» деп жазылған инсталляцияда. Қате «годым» деген сөзде. Оның орнына «годом» деп жазылуы тиіс. Әкімдіктегілер мәтінді жүктеу кезінде компания өкілдері қате жібергенін, бірнеше уақыт ішінде жазудың түзетілгенін айтты.
«Техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз және әр отбасына бақыт пен амандық тілейміз», - деді әкімдіктегілер.