Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысы жарықсыз және сусыз қалды

ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысы жарықсыз және сусыз қалды

Облыста 40-қа жуық елді мекен жарықсыз қалды. Ал Орал қаласының кейбір ықшамауданында су жоқ, деп хабарлады turkystan.kz. Оған қолайсыз ауа райы себеп болған. Аймақта ауа температурасы -5 градус суық. Ал желдің жылдамдығы сағатына 12 метр. Қазіргі уақытта Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала аудандары және Орал қаласының тең жартысы жарықсыз отыр. «Қолайсыз ауа райы салдарынан жерасты сутартқысының сорғы станцияларындағы кернеудің төмендеуіне байланысты сорғылар бұзылды. Қалалық су құбыры желілеріндегі қысым төмендеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген қаланы сумен қамту кәсіпорнының хабарламасында. Сондай-ақ, облыс орталығының кейбір шағынаудандарында ауыз су тоқтап қалған. «Апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр желілеріне жауапты компания тарапынан 32 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды», - деді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.