Халықаралық Хоккей федерациясы жоспарланған жарыстардың болмайтындығын айтты

Халықаралық Хоккей федерациясы жоспарланған жарыстардың болмайтындығын айтты

Халықаралық Хоккей федерациясы жоспарланған жарыстардың болмайтындығын айтты
ашық дереккөзі
Халықаралық Хоккей федерациясы (IIHF) ұйымы қаңтар айына жоспарланған барлық жарыстардың болмайтынын жариялады. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылғы IIHF жоспарындағы жарыстардың тізімінде 8-15 қаңтар аралығында Швецияда өтетін қыздар арасындағы жастар әлем біріншілігі де бар. Оған 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы қатысатындығы жоспарланған еді.
«Біз өткен жылдағыдай ерлер мен әйелдер арасындағы IIHF жарыстарын, соның ішінде екінші жыл қатарынан 18 жасқа дейінгі қыздар дивизионындағы жарыстарды тоқтату туралы қиын шешімді қабылдауға мәжбүрміз», - деді ХХФ (IIHF) ұйымының президенті Люк Тардиф.
Лигалардың міндеттемелеріне байланысты аталған турнирлердің барлығы кейінге шегеріле алмайды. Айта кетейік, турнир екінші жыл қатарынан тоқтатылып жатыр. 2021 жылы да коронавирус пандемиясына байланысты жарыстар болмаған еді.