Қазақстан Ауғанстанға 155 тонна гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан Ауғанстанға 155 тонна гуманитарлық жүк жіберді

Қазақстан Ауғанстанға 155 тонна гуманитарлық жүк жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстан Ауғанстан еліне 1,9 млн долларға 155 тонна көлемінде азық-түлік және дәрі-дәрмек салынған гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Министрліктің мәліметінше, Бақыт Сұлтанов Ауғанстан астанасы - Кабулға барып, Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Абдулла Салам Ханафи, сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки және сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизимен кездескен.
«Бүгін біз қосымша 1,5 тонна жүк (дәрі-дәрмек) әкелдік. Сондай-ақ 1,9 млн доллар болатын 155 тонна азық-түлік және дәрі-дәрмек салынған гуманитарлық жүк жіберілді. Жақында ол Ауғанстан аумағына өтеді», - деді Сұлтанов.
Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстанға 5 мың тонна ұнды гуманитарлық көмек ретінде жібергенін айтты.
«Қазақстан көптеген халықаралық әріптес сияқты, ауғанаралық қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталды және елді жанжалдан кейінгі кезеңде қалпына келтіру уақыты келді деп үміттенеміз», - деді министр.
Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов Қазақстан билігі Ауғанстанның ішкі ісіне араласпайтынын атап өтті. Тағы да оқи отырыңыз:  Талибан Қазақстанмен сауда қатынасын кеңейтпекші
«Біз дәстүрлі түрде терроризм мен есірткі қылмысынан азат, бейбіт, біртұтас, тәуелсіз және өркендеген Ауғанстанды қолдаймыз. Ауған халқы бейбітшілікті орнату және одан әрі даму үшін өз болашағын өзі анықтауға құқылы», - деді басшы.