2022 жылы елордада триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

2022 жылы елордада триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

2022 жылы елордада триатлоннан Азия чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
World Triathlon пен Asia Triathlon 2022 жылдың 23-24 маусымында Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санаттарындағы спортшылар арасында триатлоннан Азия чемпионаты болатындығын растады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы қазақстандық Триатлон федерациясы мәлімдеді. Еліміздің бас қаласы 2022 Asia Triathlon Junior and U23 Championships Nur-Sultan атты құрлықтық біріншіліктің қатысушыларын алғаш рет қабылдайтын болады. Бүгінгі таңда сайыс және жауапты техникалық делегаттар бекітілді. Аталмыш халықаралық сайыс 2021 жылы болады деп күтілгенімен, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға және бірқатар елдердегі шектеулерге байланысты болмай қалған еді.