Ескі ұялы телефоннан алтын алуға болады

Ескі ұялы телефоннан алтын алуға болады

Ескі ұялы телефоннан алтын алуға болады
ашық дереккөзі
Істен шыққан ұялы телефондарды пайда көзіне айналдыруға болады. Қалай дейсіздер ғой? Ендеше, төмендегі мәліметтерге назар аударыңыздар. Ұялы байланыс құралдарын жасау үшін мыстан бастап алтын мен күміске дейінгі шикізаттың көп қоры қажет. Шетелдік мамандардың айтуынша, ұялы телефондардың бір тоннасынан 280 грамм алтын, 140 граммнан платина мен палладий және 140 келі мыс алуға болады. Яғни, ұялы телефонды жасау үшін мыс көп пайдаланылады. Мыстың ұялы телефондағы орташа мөлшері – 8,5 грамм. Кей жағдайларда 15 грамға дейін жетеді. Бүгінде әлем бойынша 50 млн тонна ескі электронды қалдықтар жиналған. Ал, Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеумен айналысатын оннан астам зауыт бар. Бұл кәсіпорындар ұялы телефон, магнитола, кеңсе техникасы сынды шағын құралдарды утилизациялап, кәдеге жаратумен айналысады. Демек, елімізде ескі телефондардан алтын және басқа бағалы заттарды алып, оларды кәдеге жаратуға мүмкіндік мол.