Жаңалықтар

Cемейде жаңа көпір салынады

ашық дереккөзі

Cемейде жаңа көпір салынады

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, 2022 жылы Cемей қаласында апатты жағдайда тұрған ескі көпірдің орнына жаңа көпір салынады, деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа көпірдің құрылысына 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қазір жоба сараптамадан өтіп жатыр. Ескі көпірдің қолданысқа берілгеніне 57 жыл болған. Қазіргі уақытта апатты жағдайда деп танылған. Әбден тозған көпірдің жақтаулары мен бетондары шіріп, бірнеше рет көлік те құлап кеткен. Сондай-ақ, 20 жыл бұрын салынған аспалы көпірдің де жағдайы белгісіз. Ол техникалық тексеруден мүлдем өтпеген. Енді өткелге жазда жапондық мамандар сараптама жасамақ. «Көпір құрылысы келесі жылы басталады. Қомақты қаржы бөлінбек. Ал ескі көпір бұзылмайды. Ол болашақта жаяу жүргіншілер өткелі ретінде қолданыста қала береді. Осы уақытқа дейін бір рет те техникалық тексеруден өтпеген аспалы көпірдің  ақауын анықтаймыз», - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов.