26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, батыста, елдің оңтүстік жартысында – жауын-шашын, таңертең және күндіз таулы және тау бөктері аудандарында – жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, тұман, оңтүстікте, батыста көктайғақ, солтүстік жартысында – боран, батыста, оңтүстік-шығыста-желдің күшеюі күтіледі», – деді Қазгидрометте.
Cиноптиктер Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын болады деп болжап отыр. Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, Алакөл көлінің маңында жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында – тұман, көктайғақ болады, ал таулы аудандарда боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – тұман, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді. Атырау облысының солтүстік-батысында – тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде солтүстікте, облыстың орталығында тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде - көктайғақ, тұман болып, таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.