Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қайта вакциналаудан өтеді

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы қайта вакциналаудан өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қаңтар айында қайта ревакцинациядан өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan kz. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады», - делінген хабарламада.