Алматы облысында қатарынан 17 көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Алматы облысында қатарынан 17 көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Алматы облысында қатарынан 17 көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Қорғас тас жолы жабылды, деп хабарлады turkystan.kz
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалдарының хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 12:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, нөлдік көріну) Алматы – Қорғас республикалық маңызы бар автожолы (24-140 шақырым, Арман кенті – Шелек ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Талгар ▪️ Талгарский район (@kris_p_talgar_2)

Бұған дейін бүгін сағат 10:00 шамасында Алматы – Қорғас автожолының 134-шақырымында ауа райының қолайсыздығынан 17 автокөлік соқтығысқан еді. Қазір оған қатысты видеолар әлеуметтік желілер арқылы тез тарап жатыр. Соның бірқатарын жариялауды жөн көрдік.