Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлады turkystan kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ - әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты. Президенттер 2022 жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.