Қазақстандық әншілер «Ресей дауысы» шоуының финалына өтті (ВИДЕО)

Қазақстандық әншілер «Ресей дауысы» шоуының финалына өтті (ВИДЕО)

Қазақстандық әншілер «Ресей дауысы» шоуының финалына өтті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстандық Әлішер Кәрімов пен Әміре лақап атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік «Ресей дауысы» шоуының финалына өтті, деп хабарлады turkystan kz. Дима Биланның тобында өнер көрсеткен қазақстандық Ернар Садырбаев Ильхом Тагировпен сынға түсті. Сахнада «Подбери музыку» (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Раймонд Паульс) композициясын орындады. Дима Билан шәкірттерінің өнерінен кейін өз дауысының 60 пайызын Ернар Садырбаевқа, 40 пайызын Ильхам Тагировқа берді. Көрермендер дауысын қоса есептегенде Әміре жалпы 128,5 пайыз жинап, финалға шықты. Тагировта 71,5 пайыз дауыс болды. Сондай-ақ, «Я тебя никогда не забуду» (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Алексей Рыбников) әнін орындап шыққан қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов те финалға өтті. Ол ресейлік Татьяна Качуринамен бақ сынасты. Олар биыл 28 қарашада Александр Градский қайтыс болғаннан кейін тәлімгерсіз қалған еді. Финалист көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталды. Нәтижесінде Әлішер Кәрімов - 52 пайыз, Татьяна Качурина 48 пайыз жинады. «Ресей дауысы» шоуының финалына өткендер - Әлішер Кәрімов, Ернар Садырбаев, Александр Волкодав және Элина Пан. Жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.