Теміртаулық сатушы қарақшының жоспарын күл-талқан етті

Теміртаулық сатушы қарақшының жоспарын күл-талқан етті

Теміртаулық сатушы қарақшының жоспарын күл-талқан етті
ашық дереккөзі
Теміртау қаласындағы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне белгісіз біреуден көкөніс павильонының сатушысына шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазды turkystan.kz. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлеріне 33 жастағы сатушы сағат 16:00 шамасында белгісіз адамның дүкенге кіріп, күш қолданып, кассадағы ақшаны алып кетпек болғанын айтты. Бірақ, сатушы әйел қарсылық көрсетіп, күдікті ойын іске асыра алмаған. Полицейлер 38 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол  қылмысын мойындады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 24-191-бабы (Тонау әрекеті) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.