Шымкентте электр қуаты уақытша сөндіріледі

Шымкентте электр қуаты уақытша сөндіріледі

Шымкентте электр қуаты уақытша сөндіріледі
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жалғасуда. Жобаға сәйкес қуаттылығы 100 кВ электр желісінің орнын ауыстыру көзделіп отыр, деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Желіні ауыстыру жұмысы 26 желтоқсан күні сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін атқарылады. Осыған байланысты төменде аталған шағынаудандарда электр қуаты уақытша сөндіріледі. Абай ауданы: Қызылжар, Жайлау, Қатын көпір, ш/а Тельман, Ақ ниет, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Құйбішев, Көкжайлау, Агропром, Самал-1,2,4 шағын аудандары; Қаратау ауданы бойынша: Қайнар бұлақ, Достық, Қайтпас-1,2, Ақжайық, Азат, Нұрсәт, Түркістан, Тұран, Ұлағат, Қара жол, Мирас; Еңбекші ауданы бойынша: 18 ш/а, 17 ш/а, Шығыс, Солтүстік, кіші Самал, Сайрам; Әл-Фараби ауданы бойынша: Спорт ш/а, Талапкерлер қалашығы, Наурыз, Отырар, Тұран, Көшелер бойынша: Байтұрсынов, Қонаев, Арғынбеков, Төлеметов, Рысқұлов, Бәдібек би, Жібек жолы, Төреқұлов, Қазыбек би, әл-Фараби, Дулати, Алматы трассасы, Желтоқсан, Шаяхметов, Ерімбетов, Тәуке хан, Қазиев, Адырбеков, Мәделі қожа. Әкімдік әлеуметтік нысандарда электрмен қамтамасыз ету үшін электргенератор пайдалануды ұсынды.