Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
Ақтауда 12А шағын ауданында рұқсат етілген жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға бүгін, 24 желтоқсан күні сағат 09:00 шамасында болған.  Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
- Toyota Camry жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 37 жастағы жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне шығарылды. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.