Ресейде қамауға алынған қазақ журналисі босатылды

Ресейде қамауға алынған қазақ журналисі босатылды

Ресейде қамауға алынған қазақ журналисі босатылды
ашық дереккөзі
Ресейдің Хакасия Республикасында тұтқындалған журналист Назгүл Кенжетай босатылды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы заңгер Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
«Жаңа жыл алдындағы сүйінші хабар! Қазір ғана хакастық әріптесім Аяс Тюньдешев бауырымнан хабар алдым. Бүгін, жоқ, осы қазір апелляциялық алқа Назгүл Кенжетай қарындасымыз бен түркиялық бауырымыз Мухаммет Эминді босату туралы шешім қабылдады! Осы жолы ҚР Сыртқы істер министрлігіне респект. Досай аға, жеңіс құтты болсын!», - деді Абзал Құспан.
Еске сала кетсек, әскери журналист Назгүл Кенжетай Хакасия Республикасында Ресейдегі түркі қауымдарының өмірі туралы деректі фильм түсіріп жүрген кезінде тұтқындалған еді.