«Ана тілімізді сатқанбыз»: журналист Путиннің сөзін қостады

«Ана тілімізді сатқанбыз»: журналист Путиннің сөзін қостады

«Ана тілімізді сатқанбыз»: журналист Путиннің сөзін қостады
ашық дереккөзі
Тележүргізуші Ерғанат Көпжасар өзінің Instagram-дағы парақшасында еліміздегі орыс тілінің жағдайын айтқан Ресей президентінің пікіріне ой қосты, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, ірі мегаполистерде тұратын халық «элита» көріну үшін ана тілінде сөйлемейді. Тағы оқи отырыңыз: Владимир Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел (ВИДЕО) «Қазақстан – құлдық санадан құтылмаған ел!» – Мәжіліс депутаты
«Путин Қазақстанды орысша сөйлейтін ел деп атады. Оған «патриоттар» оталып жатыр. Билігің түгел, былайғы өмірде екі қазақтың басы қосылса орысша сөйлеп кететіні өтірік емес. Әсіресе, ірі мегаполистерде жұрт «элита» көріну үшін ана тілінде сөйлемейді. Сөйлегендерді менсінбейді. Біз рухани мүгедекпіз. Сатқынбыз. Ана тілімізді сатқанбыз. Бір рет сатқындыққа жол бергендер отанын да оп-оңай сата алады!» деп жазды журналист.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ерқанат Көпжасар (@erkanat_kopjasar)