«Қазақстан – құлдық санадан құтылмаған ел!» – Мәжіліс депутаты

«Қазақстан – құлдық санадан құтылмаған ел!» – Мәжіліс депутаты

«Қазақстан – құлдық санадан құтылмаған ел!» – Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Владимир Путиннің баспасөз конференциясы кезінде Қазақстанды «орыс тілінде сөйлейтін ел» деп атағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Тағы оқи отырыңыз: Владимир Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел (ВИДЕО)
«Қазақстан - орыс тілінде сөйлейтін ел» деген сөз - «Қазақстан - әлі құлдық санадан құтылмаған ел» деген сөз! Ресей Президенті Путиннің шындығы бар бұл сөзін біздің биліктегі мемлекеттік тілін білмей-ақ, Ресей тілінде сөйлейтіндер «бізді мақтап жатыр» деп мәз болып, жуып жатқан болар… Иә, құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады…» делінген жазбада.
Сондықтан депутат қазақша сөйлеуді міндеттейтін мемлекеттік Тіл туралы заң қабылдау керектігін алға тартты.