Жесір қалған әйел үш жылдан бері өтемақысын ала алмай жүр (ВИДЕО)

Жесір қалған әйел үш жылдан бері өтемақысын ала алмай жүр (ВИДЕО)

Жесір қалған әйел үш жылдан бері өтемақысын ала алмай жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Орал қаласында қаза тапқан құрылысшының жесірі Динара Сахипова қайғылы жағдайға кінәлі жұмыс берушінің алдап соққанын айтады. Кәсіпкер асыраушысынан айырылған отбасыға пәтер алып беруге уәде берген. Бірақ кейін сөзінде тұрмайды, деп жазды turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Динара Сахипованың күйеуі Дамир өзі жұмыс істеген құрылыста 9-қабаттан құлап, қайтыс болған. Сөйтіп, ол үш баласымен көшеде қалады. Олар уақытша үйде тұрып, жұмыс беруші уәде еткен тұрғын үйді күткен.
«Жерлеу рәсімінен кейін компания директоры адам жіберіп, бізді Монкеула көшесіне апарды. Ол бізге салынып жатқан үйді, аумақ пен құрылыс жоспарын көрсетіп, 2020 жылға дейін пәтер беруге уәде берді. Сол себепті медиативті келісім жасадық. Содан кейін ол адам жоғалып кетті. Білуімізше, бұл жаңа ғимарат енді оған тиесілі емес», - дейді Динара Сахипова.
Кейінірек сот Динара Сахипованың пәтер беру туралы келісімін жарамсыз деп таныды. Фемида өкілдері қайғылы жағдайға құрылыс компаниясының басшылығы емес, жалдамалы бригадир кінәлі деп санады. Ал ол болса, еңбек инспекциясы шығарған актімен келіспейді.
«Облыстық сот бұл іспен айналысады деп үміттенеміз. Динара Сахипова әлеуметтік жағынан осал адамдарға жатады. Оның түсіп тұрған ешқандай кірісі жоқ. Үш кәмелетке толмаған қызымен туыстарының пәтерінде тұрып жатыр. Олардың да жағдайы мәз емес. Динара Сахипова күйеуінің қайтыс болу дерегі бойынша прокуратураға жүгінді. Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдануға және медиативті келісімді заңды деп тану бойынша өтініш беруге де ниет білдіріп отыр. Құқық қорғаушылардың шағымы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға келіп түсті. Ведомство өкілдері оны қарап, жақын арада шешім қабылдауға уәде берді», - деді жесірдің адвокаты Хибат Темірғалиева.