Жаңалықтар

Жолай мінген жолаушы көлікті «қағып кетті»

ашық дереккөзі

Жолай мінген жолаушы көлікті «қағып кетті»

Түркістан облысының тұрғыны полицияға Нұр-Сұлтан қаласына барар жолда әлдекім көлігін айдап кеткенін айтып арызданды. Қылмыс жасады деген күдікке жәбірленушінің жолсерігі ілінді, деп хабарлады turkystan.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Түлкібас ауданынан өте бере оны белгісіз азамат тоқтатып, жеткізіп тастауын сұраған. Ол жолсерікті көлікке отырғызған. Жолда көлік жүргізуші тамақтану үшін асханаға тоқтаған. Ал аялдаған жеріне оралғанда Toyota Alphard көлігі де, жолсерігі де ұшты-күйлі жоғалған. Полиция көлікті белгісіз жолаушы айдап кетуі мүмкін деп болжап отыр. Қылмыстық Кодекстің «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Түркістан облысының Бәйдібек ауданында ұсталды. Ол бұрын алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған Шымкент тұрғыны болып шықты. Тергеу мәліметтері бойынша, ол өзі қалаған жерге жету үшін көлікті ұрлап кеткен.