Боксшы Данияр Елеусінов жаңа атаққа ие болды

Боксшы Данияр Елеусінов жаңа атаққа ие болды

Боксшы Данияр Елеусінов жаңа атаққа ие болды
ашық дереккөзі
Кеше кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында боксшыға лента мен төсбелгіні табыстады, деп жазды turkystan.kz. Данияр Елеусінов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Оралға жиі келетін қонақ. Оның Олимпиададағы жеңісіне орай, Оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылған болатын.
«Данияр Елеусінов – өскелең ұрпақ үшін үлгі. Оны БҚО Құрметті азаматы атағымен құттықтап, жаңа жетістіктер тілеймін», - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Өз кезегінде спортшы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.
«Мен өте қуаныштымын. Оралдағы чемпионат жақсы ұйымдастырылған, болашағынан үміт күттіретін жас боксшылар өте көп. Құрметті азамат атағы жерлестерімнің маған көрсеткен құрметі. Оларға бұл құрметі үшін рақмет», - деді ол.
Еске салайық, жақында Данияр Елеусінов Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңіп, «IBO» бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған еді.