Борышкердің жағдайын жеңілдететін заң жобасы қаралуда

Борышкердің жағдайын жеңілдететін заң жобасы қаралуда

Борышкердің жағдайын жеңілдететін заң жобасы қаралуда
ашық дереккөзі
Сенаттың жалпы отырысында екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын жетілдіруге арналған заң жобасына толықтырулар енгізіліп, Мәжіліске қайтарылды, деп жазды turkystan.kz. Сенатор Нұрлан Қылышбаевтың айтуынша, Алматыдағы 5 адамның өліміне әкелген қайғылы жағдайдан кейін несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе, баспанаға қатысты мәселені реттеу қажеттілігі арта түскен. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан тапсырма берілген болатын.
«Бұл заң екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметі мен атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін заңдарға өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды. Сонымен қатар қарыз алушының жағдайын жақсартуға бағытталған», - дейді депутат.
Заң жобасында борышкерге кепілге қойылған мүлікті өзі сатуына және кейбір жағдайларда кепіл берушінің кепіл нысанын ауыстыруына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұдан бөлек, борышкердің мүддесін қорғау мақсатында тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығын беру ұсынылды. Сату бағасын 75 пайыз деңгейіне төмендету шегі белгіленді. Заң жобасында бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптар да қатаңдатылған. Еске сала кетсек, 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ шағынауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі Игорь Дужнов сот шешімін орындауға келген 5 адамды атып тастаған болатын. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды.