Министр бағаның шарықтауына айлықтың өсуін "кінәлады" (ВИДЕО)

Министр бағаның шарықтауына айлықтың өсуін "кінәлады" (ВИДЕО)

Министр бағаның шарықтауына айлықтың өсуін "кінәлады" (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жаңа жылдан бастап азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары азық-түлік бағасының күн сайын өсіп жатқандығына наразылық білдірді. Тіпті, араларында осы қымбатшылықтың салдарынан ет жеуден қалған отбасылар да бар екен. Министр бұл мәселені шешуге ведомствоның қауқарсыз екенін жасырмады. Бұған ең төменгі жалақының 2022 жылдан бастап өсуі себеп болып отыр.
«Жалақы көбейгеннен тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгеннен жалақыны көтеруге жұмыс жасау керек», - деп жаңылтпаштады Сұлтанов.