Мақсат Толықбай Құрмет Талапқазыға үй алып бермек

Мақсат Толықбай Құрмет Талапқазыға үй алып бермек

Мақсат Толықбай Құрмет Талапқазыға үй алып бермек
ашық дереккөзі
Танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай қуаңшылық кезінде Маңғыстау халқына көмек көрсеткен белсенді Құрмет Талапқазыға жаңа жылға дейін үй алып беру бастамасын көтерді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында көпшіліктен көмек сұрап жазды. «Мақсат, сен баста, біз қостаймыз» десті желі қолданушылар.
«Ала жаздай Маңғыстаудағы қуаңшылықта жұрттың мал-жанын ойлап, тонналап шөп жіберуге себепкер болған Құрмет бауырымыз қандай құрметке де лайық. Сол уақытта елді жақсылық жасауға шақырған Құрметке біз де жақсылық жасап, құрмет көрсетіп жіберейік, ағайын. Шымкентке оқуға түсті», - деді журналист.
Оның айтуынша, Құрметтің әке-шешесі, туған аға-бауырларының бәрі Қытайда тұрады.
«Қаланың шетінен жер үй алып, кәсіп бастап, жақындарын Қазақстанға көшіріп әкелгісі келеді. Үш күннің ішінде асарлатып жіберсек, бұйырса, жаңа жылда жаңа баспанаға кіреді. Бізге жеңіл болсын деп, білгілі меценат Дулат Тастекейге қолқа салдым. Жиналған ақшаның үстіне 50 пайызын қосамын деп уәде берді. Бізде уақыт аз. Құрмет Талапқазының өздігінен көмек сұрамайтыны белгілі. Бұйырса, 31 желтоқсан күні Құрмет өз баспанасында Жаңа жылды қарсы алады деп сенемін. Атсалысайық, бөлісіңіздер» деп жазды Мақсат Толықбай.