Жаңалықтар

Павлодар облысында оқушылар мінген көлік өртеніп кетті

ашық дереккөзі

Павлодар облысында оқушылар мінген көлік өртеніп кетті

Павлодар ауданының трассасында ГАЗель автокөлігі жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. - Бүгін, яғни 23 желтоқсан күні Павлодар ауданына қарасты Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда 2007 жылы шығарылған ГАЗель автокөлігі жанып кетті. Өрт 8 шаршы метр алаңды қамтыған, - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Тілсіз жау орын алған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен автокөлікте болған мектептің 6  оқушысы өздігімен эвакуацияланды. - Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.