Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Әкімнің орынбасары Малика Бектұрованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды. Ол еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін елорданың Инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, басшысы болып жұмыс істеген. 2021 жылдан Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 15 жыл.