«Отандастар Қоры» 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді

«Отандастар Қоры» 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді

«Отандастар Қоры» 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді
ашық дереккөзі
Бүгін «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытынды жиынын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары және журналистері, қоғам белсенділері мен сарапшылар қатысты. қор «Отандастар Қоры» вице-президенті Мағауия Сарбасов жиынға қатысушыларға Қоғам президенті Нұртай Әбіқаевтың сәлемін жеткізіп, жыл бойы атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады. Жиын соңында бірлескен іс-шараларға белсене атсалысқан серіктестер марапатталды.
«Қоғам жұмысы мәдени-гуманитарлық, ақпараттық-консультациялық, білім беру және жастар бағыты, зерттеу-талдау, халықаралық институттармен жұмыс, ақпараттық бағыттар бойынша жүргізіледі. Қоғам мәдени-гуманитарлық байланыстарды және шетелдегі қандастардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Мәдени іскерлік үйлер» желісін құру жұмысын қолға алуда. «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі 6 мемлекетте ашылды. Қоғам жанындағы Қандастарды Ақпараттық қолдау орталығына 2021 жылы 5600 өтініш келіп түсті. Қандастар мәселесіне қатысты тиісті мемлекеттік мекемелермен 55 іс-шара өткізілді», - дейді Мағауия Қанапияұлы.