Жаңалықтар

Үш шекарашы қырғыз азаматының көлігіне оқ жаудырды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Үш шекарашы қырғыз азаматының көлігіне оқ жаудырды (ВИДЕО)

2021 жылдың 22 желтоқсанында қырғыз - тәжік шекарасында оқ атылды, деп хабарлады turkystan.kz Алдын-ала мәлімет бойынша, Баткен облысының Лейлек ауданындағы Мақсат-Жаштық тас жолының бойында «КамАЗ» көлігін Қырғызстан азаматы жүргізіп келе жатқан. Жол Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан мемлекеттік шекарасының бойымен өтеді. Аталған аймақта жүргізуші арықтан су алуға тоқтаған кезде оған үш тәжік әскери қызметкері келіп, Тәжікстан аумағына өтуді талап еткен. Содан кейін жүргізуші тәжік шекарашыларымен бірге жол бойымен жүруді жалғастырған. Бірақ қырғызстандық жүргізуші күтпеген жерден жол бойымен келе жатқан басқа көліктің жолын жауып, өзін тәжік әскерилері ұстап алғанын айғайлап айтып үлгерген. Сол сәтте-ақ Тәжікстан шекарашылары көліктен түсе бастаған. Ал жүргізуші қозғалысын жалғастыра бергенде әскерилер КамАЗға оқ жаудырған. Салдарынан цилиндр мен көліктің алдыңғы әйнегіне оқ тиген. Жүргізушінің денесін шыны қалдықтары кесіп кеткен. https://kabar.kg/site/assets/files/116503/batken.mp4 Қазіргі уақытта Лейлек учаскесі бойынша Қырғызстанның және Ганчинский учаскесі бойынша Тәжікстанның шекаралық өкілдері арасында кездесу өтіп жатыр. Оқиға орнында мән-жайды анықтау үшін Баткен облыстық департаментінің бастығы, полковник Қ.Төленбаев жүр.