Олигархтар ТЖМ-нің тікұшағымен аң аулап жүр (ВИДЕО)

Олигархтар ТЖМ-нің тікұшағымен аң аулап жүр (ВИДЕО)

Олигархтар ТЖМ-нің тікұшағымен аң аулап жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жеке тұлғалардың ТЖМ-нің тікұшағын аң аулау мақсатында пайдаланғанын растады, деп жазды turkystan.kz. YouTube-тағы «Бәсе» арнасында жарияланған видеода қазақстандық және ресейлік олигархтардың министрлікке тиесілі «КазАвиаСпас» тікұшағын жеке мақсатта пайдаланғанын көруге болады. Белгілі болғандай, «Business aviation» компаниясы «КазАвиаСпас» ЖШС-мен тікұшақты жалдау туралы келісімшартқа отырған. Ай соңында түскен қаржы техника паркін ұстауға жұмсалады екен.
«Бізде республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылмайтын «КазАвиаСпас» деген бөлімше бар. Бұл бөлімше «Business aviation» компаниясымен келісімшартқа отырған. Бірақ әуе кемесі ұшу үшін жалданғанымен, ол мүлдем басқа мақсаттарда қолданылғаны анықталды. Бортта бөтен адамдардың болуына және қару-жарақты алып кіруіне жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - деп ағынан жарылды Юрий Ильин.
Осы орайда ол алдағы уақытта аталмыш әскери техниканы төтенше жағдайлардың алдын алу, медициналық көмек көрсетуден бөлек, өзге мақсаттарда қолдану фактілеріне жол жібермеуге уәде берді.