Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кете ме?

Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кете ме?

Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кете ме?
ашық дереккөзі
Кеше бір топ фермер ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ерболат Қарашөкеевпен кездесіп, оның отставкаға кетуін талап еткен болатын. Арада көп уақыт өтпей, ведомство басшысы бұл талапқа қатысты өз пікірін білдірді, деп жазды turkystan.kz.
«Министр, бұл - сайланбалы емес, тағайындалатын қызмет. Сондықтан Үкімет мүшелері отставкаға кетуге әрқашан дайын болуы керек. Ал, нақты маған келсек, қазір ауыл шаруашылығын реформалау қажеттілігі туралы ешкім бастама көтерген жоқ. Кез келген реформаның жақтаушылары мен даттаушылары болады. Мен барлық тараптармен ашық диалог жүргізуге және оларды тыңдауға дайынмын. Көңіл-күймен айтылған мәлімдемелерге түсіністікпен қараймын», - деп түсіндірді Ерболат Қарашөкеев.
Министр реформаларды талқылау үшін шаруалармен кездесулер белсенді өтіп жатқанын алға тартты.
«Кеше мен өңірлерден келген бір топ шаруамен кездесу өткіздім. Осы отырыс барысында қатысушылардың бірі отставка туралы айтты. Егер журналистер төрт сағатқа созылған пікірталасқа соңына дейін қатысса, онда олар соңында реформалардың қажеттілігі туралы ортақ пікірге келгеніміздің куәсі болар еді», - деді Ерболат Қарашөкеев.
Еске салсақ, бұған дейін еліміздің әр өңірінен келген қазақстандық фермерлер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен болатын.