Түркіменстанда міндетті автосақтандыру енгізіледі

Түркіменстанда міндетті автосақтандыру енгізіледі

Түркіменстанда міндетті автосақтандыру енгізіледі
ашық дереккөзі
Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов үкіметтің жалпы отырысында мемлекеттік міндетті автокөлік сақтандыру ережелері туралы қаулыға қол қойды.
Жиналыста хабарланғандай, бұл құжат Түркіменстанның "Сақтандыру туралы" заңына сай дайындалған. Онда Жоғарғы бақылау палатасының ұсыныстары да ескерілген. БАҚ мәліметі бойынша, автокөлік сақтандыруды тиісті органдардағы жол полициясы тексеретін болады.