Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқаратын болды

ашық дереккөзі

Мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқаратын болды

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz. «Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде штат санын қысқарту жөніндегі жұмысты жүргізсін; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін штат санын қысқарту жөніндегі жұмысты жүргізсін» делінген Үкімет қаулысында. Енді бұл қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.