Алматы облысында күйеу баласы қайын әпкесін өлгенше сабаған (ВИДЕО)

Алматы облысында күйеу баласы қайын әпкесін өлгенше сабаған (ВИДЕО)

Алматы облысында күйеу баласы қайын әпкесін өлгенше сабаған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Алматы облысының тұрғынын сіңлісінің бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабаған. Бұл туралы «Koremiz» бағдарламасында айтылды, деп хабарлады turkystan.kz. Бойжеткенді күйеу баласы ұрып-соғып, өз үйінде қанжоса қылып сабаған. Қайғылы оқиғаның дәлелі ретінде әпкелі-сіңлінің анасы қанға боялған көрпе мен үйдің ішіндегі қабырғаны көрсетті. Полициядан көңіліміз қалды деген жәбірленуші көпшіліктен көмек сұрап, теларнаға жүгінген.

«Ол мені ұрған жоқ, шашымнан сүйреп аяғымен тепкіледі. “Сен жәлепсің, жәлеп болғасын, сіңліңді де жәлеп қылмақшысың”. “Мені кімнің астынан алып едің», - деп едім, «қыздардың бәрі жәлеп қой» деді маған ол», - дейді жәбірленуші.

Анасының айтуынша, ол қызы Райкүлдің Тәжімбетпен азаматтық некеде екенін білген. Бірақ жігіттің өзімен ешқашан бетпе-бет таныс болмаған. Тәжімбет бағдарламада өзінің істегендерін мойындап отыр. Ол оны «әйелім көзіме шөп салды» деп түсіндірді. Алайда қолында дәлелі болмады. Белгілі болғандай, ер жігіт бұған дейін бірнеше рет істі болған.