Алматылық қыз есірткі өндірісін ашпақ болған (ВИДЕО)

Алматылық қыз есірткі өндірісін ашпақ болған (ВИДЕО)

Алматылық қыз есірткі өндірісін ашпақ болған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратурамен бірігіп, Өскемен қаласында есірткі өндірісін жолға қойған Алматы қаласының тұрғынын құрықтады, деп жазды turkystan.kz. Анықталғандай, алматылық желтоқсанның басында Өскеменге есірткі өндірісін ұйымдастыру үшін келген. Күдікті әйел пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісіне кіріскен. Оның қылмыстық әрекетке қатысуы туралы дәлелді базаны бекіткеннен кейін ол ұсталған. «Рефлекс» арнайы операциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері жалға алынған пәтерді тінту барысында әрқайсысы 0,3 граммнан «альфа-pvp» бір реттік 100 доза, сондай-ақ дайын есірткі табылды. Сонымен қатар, пәтерде өндірістің соңғы сатысына дайындалған алты литр есірткі ерітіндісі, бес литр прекурсор, сондай-ақ, күдікті есірткіні өндіру және өлшеп-орау кезінде пайдаланған газқағары, электр плитасы, электрон таразы, 150 орама изолента, термоқаптарды орау, зип-пакеттер табылған. Осылайша, жедел қызметкерлердің қабылдаған шаралары арқасында дайын есірткінің 200-ге жуық бір реттік дозасы және үш килограмнан  артық синтетика өндіруге жарайтын алты литр сұйық түріндегі есірткі заңсыз айналымға жіберілген жоқ. Ұсталғанға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.