Ермек МАРЖЫҚПАЕВ: Бірлік пен ынтымақ мекені

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ: Бірлік пен ынтымақ мекені

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ: Бірлік пен ынтымақ мекені
ашық дереккөзі

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтып, этносаралық қатынасты үйлесімді дамыту – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұстанған саясаттың басты мақсаты. Бұл ретте әртүрлі этнос арасындағы мемлекеттік саясатты сәтті іске асырудың маңызды құралы әрі еліміздегі барлық этносты біріктіруші пәрменді алаң – Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше мән беріледі. Біздің өңірде бұл міндет Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясына, ҚХАА хатшылығына, «Қоғамдық келісім» КММ-ге жүктелген.

Ақмола облысында 100-ден ас­там этнос пен этникалық топ өкі­лі тұрады. Олардың 50,4 пайызы қа­зақ­тар, 33,6 пайызы орыстар, 4,5 пайы­зы украиндар, 3,5 пайызы не­міс­тер, 1,8 пайызы татарлар, 1,4 пайы­зы белорустар, 1,1 пайызы поляк­тар және тағы басқа этнос өкі­лі бар. Өңірде барлығы 47 эт­но­мә­дени бірлестік этнос өкілдерінің тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақ­тап, оны одан әрі дамытуға жұмыс іс­теп отыр. Қазақстан халқы Ақмола Ас­самб­леясының активі құрамында этномәдени бірлестіктердің, үкі­меттік емес ұйымдардың, кәсіп­орын­дар мен мемлекеттік орган­дар­дың басшылары, бұқаралық ақ­парат құралдары қызмет­кер­лері­нен құралған 106 өкілі бар. Олар­дың арасында «Агрофирма Родина» ЖШС бас директоры И.Сауэр, Чуваш этномәдени орталығының төрағасы Е.Мащинская, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төра­ғасы У.Шоназаров, «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш қоғамы­ның төрағасы Г.Яндиев, «Қазақ­стан­ның орыс, славян және казак ұйым­дары қауымдастығы» Ақмола фи­лиа­лының төрағасы Г.Осиненко, Ақ­мола облысының өзбек мәдени ор­талығының төрағасы Т.Медетова бастаған өңірге белгілі азаматтар бар. 2014 жылғы 3 қыркүйекте Ел­ба­сы Н.Назарбаевтың қатысуымен Көкшетау қаласында облыстық Достық үйі – «Қоғамдық келісім» КММ-нің ашылуы болды. Ол Қазақ­стан халқы Ақмола Ассамблея­сы­ның қызметін қамтамасыз ету, этно­мәдени бірлестіктерге әдіс­те­ме­лік, ұйымдастырушылық көмек көр­­сету мақсатында құрылған. Қазір онда заманауи электронды жә­не компьютерлік техникамен, жиһаз­бен жабдықталған этномә­дени бірлестіктердің 16 кабинеті, мемлекеттік тілді және этностардың ана тілдерін үйрену жөніндегі 12 ка­бинет, конференц-зал, хореог­ра­фиялық және акт залдары бар. «Қо­ғамдық келісім» достық үйінің бар­лық жұмысы этнос өкілдерін өңір­дің қоғамдық-саяси, әлеумет­тік-экономикалық және мәдени даму процесіне белсенді тартуға ба­ғытталған. Жыл бойы Достық үйінің базасында қазақстандық біре­гейлікті қалыптастырып, этнос­тардың мәдениеті мен дәстүрін сақ­тауға бағытталған 200-ден астам түр­лі форматтағы қоғамдық-саяси, мә­дени-бұқаралық іс-шара өткі­зілді. Биыл қаңтар айында Ақмола Ас­самблеясы «Бір шаңырақ ас­­тында – биік мақсаттарға» деп ата­­латын ұзақмерзімді облыстық жо­басын іске қосты. Жобаны іске асыру­ға Ақмола облысының 17 ауда­ны мен 2 қаласынан Ассамблея­ның өңірдегі қоғамдық құрылым­дары қатысты. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жа­нын­­да­ғы сәндік-қолданбалы өнер ше­берлері одағының бастамасы бойын­ша «Менің Отаным – Менің Қа­зақстаным» жобасы іске асырыл­ды. Жобаның мақсаты – ұлттық дәс­түрді, мәдени құндылықты дә­ріп­теу, этностардың сәндік-қол­данбалы және бейнелеу өнері ше­берлерінің шығармашылық әлеуе­тін қолдау және одан әрі дамыту. Жо­баны іске асыру барысында облыс­тың әр ауданында Тәуелсіздік жыл­дарындағы еліміздің жетіс­тік­терін көрсететін қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері ұйым­дас­тырылды. Оған халық шығар­ма­шы­лығы өкілдерінен 247 шебер қа­тысты. 1 мамыр Қазақстан халқының бір­лігі күніне орай «Көкшетау – дос­тық мекені» облыстық халық шы­ғар­машылығы фестивалі өткізілді, оған этномәдени бірлестіктердің шы­ғармашылық ұжымдары, аудан­дар мен қалалардың көркемдік ұжым­дары қатысты. Осы іс-шара аясын­да Достық үйінің жанында 12 жар­тылай киіз үймен және сах­на­лық алаңмен жабдықталған Достық ар­батының салтанатты ашылуы бол­ды. Жазда демалыс және мереке күн­дері мұнда этномәдени бірлес­тік­тердің өнер ұжымдары өнер көр­сетеді, ал халықтық қолданбалы өнер шеберлері көрермендерге өз бұйымдарын ұсынады. ҚХА-ның «30 игі іс» жобасын іске асыру шеңберінде облыстың эт­номәдени бірлестіктері, ҚХАА мү­шелері 300-ден астам іс-шара мен сен­біліктер, экологиялық және қайы­рымдылық акциясын өт- кізді. Нә­тижесінде, 8 900 адамға 197 948,617 мың теңге сомада ма­териал­дық көмек көрсетілді. ҚХА институтын нығайтып, оның мемлекеттік этносаясаттың үй­лестірушісі ретіндегі рөлін арт­тыруда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құры­лым­дары үлкен рөл атқарады. Облыс­тық Ассамблея бөлімшесі жа­нын­да 7 қоғамдық құрылым жұ­мыс істейді, олар «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңында, ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында айқындалған не­гізгі міндеттерді іске асырумен ай­налысады. Олардың арасында Қазақстан хал­қы Ассамблеясының, аза­­­­­маттық қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының заманауи құрал­­дарының бірі Қоғамдық ке­лі­сім кеңестерін атап өтуге болады. Қа­зақстан халқы Ассамблеясының Қо­ғамдық келісім кеңестерінің қыз­меті – ұлттық бірлікті нығайтып, әр­­түрлі әлеуметтік топтар мен үкі­мет­тік емес ұйымдардың қоғам да­муын қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған. Облыста жалпы саны 248 Қо­ғам­дық келісім кеңесі жұ­мыс істейді. Олардың қызмет спектріне көпбалалы отбасыларға тұр­ғын үй сатып алу, ауызсумен қам­тамасыз ету, елді мекендерді жарық­тандыру, жолдарды жөндеу, абаттандыру және басқа да мәселе­лер кіреді. Қазақстан халқы Ақмола Ассам­блеясының жанында аналар кеңесі жұмыс істейді. Аналар кеңесі өскелең ұрпақтың рухани-адам­гершілік тәрбиесімен, халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дәріп­теумен айналысады. Мұқтаж отба­сыларға көмектесу үшін қайырым­дылық акцияларын өткізеді. Аналар кеңесі қызметінде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасы ерек­ше танымал. Осы жоба аясын­да Көкшетау қаласының оқу орын­дарында «Мәншүк», «Айға­ным», «Сыр­ғалым», «Шаңырақ», «Абай», «Еркеназ», «Үкілімай», «Бал­қа­­­ди­ша» және тағы басқа қыздар клуб­тары ашылды. ҚХАА жанын­да­ғы Аналар кеңесі медиаторлармен ты­ғыз қарым-қатынас жасайды, осы­лайша тұрақ­ты негізде «Ашық әнгіме» ай­дары шеңберінде тікелей эфир­лер өткізеді. Қазақстан халқы Ақмола Ассам­­блея­сының қызметін­дегі қоғамдық келі­сім мен жал­пыұлт­тық бірлік са­ла­сындағы мем­лекеттік саясат­тың өзекті бағыт­тары бойынша сарап­тамалық сүйе­мел­деу жүргізу мақ­сатында ғы­лыми-сарапшылық топ жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы ғы­лыми-сараптамалық топ қоғам­дық келі­сім мен жалпыұлттық бір­лік сала­сындағы мемлекеттік сая­саттың өзекті бағыттары, қазақ­стан­дық патриотизмді, мәдениет пен дінді құр­меттеуді қалыптастыруға бағыт­талған жастармен тәрбие және ал­дын алу жұмыстарын ұйымдастыру бойын­ша ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарына белсенді қатысады. Ақмола облысында Достық үйі жа­нындағы қоғамдық келісімді қам­тамасыз етуде медиация каби­неті жұмыс істейді. Жыл басынан бері медиация кабинетіне 25 өтініш ке­ліп түсті, оның ішінде 3 медиатив­тік келісім жасалды. Облыста 38 медиация алаңы бар, онда 25 кәсіби медиатор қызмет атқарады. ҚХАА қызметін кеңінен жария­лау мақсатында облыстық Ассам­блея жанынан журналистер клубы жұмыс істейді. Журналистер клубы­ның құрамына облыстық, қалалық газеттер мен облыстық теледидар өкілдерінен тұратын 14 адам кіреді. Клуб мүшелері ҚХАА қызметін көр­сетуге белсенді қатысады. Жалпы, журналистер клубы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған этносаясат мәселелерін БАҚ-та жиі жариялап келеді. Этнос жастарын қоғамдық ке­лі­сім мен жалпыұлттық бір­лік­тің қазақстандық моделі төңіре­гінде топтастыру бойынша үлкен жұмысты ақмолалық «Жаң­ғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілер орталығы жүргізуде. Олар­­дың құрамында этномәдени бірлестіктердің жастар қанат­тары­ның өкілдері, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының белсенді жастары бар. Биыл «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Ассамблеяның еріктілер қозғалысы орталығымен бірлесіп 5 500 адамды қамти оты­рып, 180 іс-шара өткізді. Құрбан айт ме­рекесінің алғашқы күнінде Қа­зақ­стан халқы Ақмола Ассамб­лея­сы­ның еріктілері «Мың алғыс!» рес­публикалық акциясына қатыс­ты. «Жаңғыру жолы» жастар қозға­лысының мүшелері «Ағаштарға қам­қор бол» акциясын өткізді. Оның аясында жастар теннис кор­ты мен облыстық Достық үйінің жа­нындағы саябақ аймағын қоқыс­тан, қураған бұтақтардан тазартып, ағаштарды суарды. Жасыл акция жаз бойы жалғасты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ай­тыл­ған міндеттерді орындау ая­сында біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін ны­ғайту мәселесіне үлкен көңіл бөлеміз. 2019 жылдан бастап Дос­тық үйінде мемлекеттік тілді наси­хаттау және дамыту орталығы өз қызметін бастады. Оның құрамында мемлекеттік тілді жетік меңгерген түрлі этнос жастарының 22 өкілі бар. Орталықтың бастамасы бойын­ша 30 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында тәуелсіздіктің құрдастарымен және мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этностардың жастар өкілдерімен кездесу өтті. Қазір Қазақстан халқы Ақмо­ла Ассамблеясының қызметі Мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Қ.Тоқаевтың ҚХА кеңесінің кеңей­тілген отырысында сөйлеген сөзін­де айтқан этносаралық қатынастар саласындағы жаңа міндеттерді бас­шылыққа алып, өңірдегі қоғам­дық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған.