Жаңалықтар

Әлемнің 12 елінде қазақ тілін оқытатын сынып ашылды

ашық дереккөзі

Әлемнің 12 елінде қазақ тілін оқытатын сынып ашылды

2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Отандастар қоры» әлемнің 12 елінде қазақ тілін оқыту бойынша 31 онлайн сынып ашты. Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистр­лі­гінің мәліметінше, осы жылдың тамыз жә­не желтоқсан айларында сабақтар speaking club (сөйлесу клубы) форматында өткізілді. «Бұл Түркия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Франция, Иран, Қырғыз Республикасы, Украина, Моңғолия және Бе­ларусьтегі қазақ диаспораларының 1 391 өкі­ліне 780 онлайн сабақ өткізуге мүм­кіндік берді. 336 қатысушыға сертификат беріл­ді. Сонымен бірге қазақ тілін өз бетін­ше үйрену мүмкіндіктерін жасау мақ­са­тында 30 онлайн сабақ YouTube-та шы­ғарыл­ды», – делінген хабарламада. Биыл қандастармен мәдени-гумани­тарлық байланыстарды нығайтуға, қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілетуге ба­ғытталған басқа да маңызды шаралар іске асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, биыл Қырғыз Рес­публикасының астанасы Бішкек қала­сында Abai üiı мәдени-іскерлік үйі ашылды. Осылайша, мәдени-іскерлік үйлер жұмыс істейтін елдер саны 6-ға жетті. Бұған дейін «Омбы қазақтары» (Омбы), «Өзбекстандағы қазақ мәдени-іскерлік орталығы» (Ташкент), «Қазақ-түрік білім беру қоғамы» (Ыстанбұл), «Германия-Қазақстан қоғамы» (Берлин), «Достық» қазақ мәдени қоға­мында (Киев) ашылған Abaı Úıi мәдени-іскер­лік үйі тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылды­ғына орай Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігі мен Сыртқы істер министрлігі­нің қолдауымен «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйым­дастырған Қазақтардың кіші құрыл­тайы ерекше маңызды болды. Кіші құрыл­тай осы жылдың қыркүйек айында Ыстан­бұл­да өтті. Қазақ мәдени орталықтары, қазақ қауым­дастықтары, шетелдердегі қазақ ме­кемелерімен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту және кеңейту мақсатында көптеген игі іс ат­қарыл­ған. Биыл Қазақстан-Неміс достығы қауымдастығы және Жапониядағы қазақ­тар қауымдастығымен ынтымақ­тас­тықты дамыту бойынша 2 Меморандумға қол қойылды. Жалпы, бүгінге дейін әлемнің 26 елінде тұрақты жұмыс істейтін қазақ мәдени орталықтарымен ынтымақтастық туралы 71 Меморандумға қол қойылған. Он­дағы мақсат – шетелде тұратын қандас­тармен байланысты одан әрі нығайту, сонымен қатар қазақ ұлттық-мәдени орта­лықтарымен және қазақ диаспора­лары­мен тығыз байланыста жұмыс істеу. Одан бөлек, 33 мемлекетте тұратын 12 000-нан астам қандастардың қатысуымен жалпы саны 52 іс-шара, 17 конференция және 18 кездесу өткізілді. Аталған мәдени-гума­нитарлық іс-шаралар шетелдегі қазақ­тардың ұлттық кодын, жалпыұлттық біре­гейлікті және қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап қалуға бағыттал­ған. Сонымен бірге әлемнің 17 еліндегі этни­калық қазақтар мен отандастардың қаты­суымен 5 халықаралық шығарма­шы­лық байқау ұйымдастырылды. Бұл бай­қауларға 400-ге жуық адам қатысты. Тағы бір атап өтер маңызды жайт, «Қазақ әлемі – Мир казахов» деген атаумен шетел­дерде көш басынан көрініп жүрген танымал қазақтар жайында жазылған 2 томдық кітап дайындалып, 1 000 дана таралыммен жарыққа шыққан. Оған қоса, Ұлттық академиялық кітапханада «Отан­дастар кітапханасы» оқу залы ашылды және 3 000 данадан астам кітап шетелдегі қан­дастарға таратылды. Әлемнің 27 елінде тұрып жатқан он мыңдаған қандастың қатысуымен 8 онлайн-жоба іске асырылған. Бұл жобаларды іске асырудағы басты мақ­сат – ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қазақ мә­дениетін шетелде танымал ете отырып, қазақтың дәстүрлі өнерінің бірегей түрін дамыту.