Әйелін көңілдесімен ұстап алған азамат оңбай таяқ жеп қалды
Әйелін көңілдесімен ұстап алған азамат оңбай таяқ жеп қалды
Павлодар облысы Баянауыл ауданында әйелін көңілдесімен ұстап алған азамат жұдырықтың астында қалды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Баянауыл ауданында 19 желтоқсан күні ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал шыққан. Сол күні ер адамның туған күні болған екен. Ол әйелін қуанту үшін іссапардан ерте оралып, үйіне кіріп келгенде, жұбайының жас жігітпен көңіл көтеріп отырғанын көрген.
«Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, оның барысында әйелі тұрмыстық затпен күйеуінің бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Одан кейін ер адамның ауруханаға баруына тура келді. Медициналық сараптама жеңіл дәрежедегі дене жарақатын анықтады. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ауыл тұрғынына қатысты 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Баянауыл аудандық сотына жолданады», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.