Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады
ашық дереккөзі
Түркия билігі шұғыл қолдануға арналған инактивті «Turkovac» вакцинасын қолдануға рұқсат берді. Сөйтіп, бұл ел коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған тоғызыншы мемлекет болды, деп жазды turkystan.kz «Reuters» агенттігіне сілтеме жасап. «Turkovac» вакцинасын Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның Денсаулық сақтау басқармасымен («TÜSEB») бірлесіп жасаған. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын. Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Коджу вакцинаның халыққа келесі аптадан салына бастайтынын хабарлады. Сондай-ақ, түріктер бұл вакцинаны барлық елмен бөлісуді жоспарлап отыр. Айта кетсек, бұған дейін Түркия өз жобасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші және екінші фазасын сәтті сынақтан өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланған.