Құрмет Талапқазыға 2 млн теңгенің гранты берілді

Құрмет Талапқазыға 2 млн теңгенің гранты берілді

Құрмет Талапқазыға 2 млн теңгенің гранты берілді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ADAL» партиясының Саяси кеңесінде Құрмет Талапқазыға қуаңшылыққа ұшыраған аймақтарға көмек қолын созу бастамасын көтерген белсенді азаматтық ұстанымы үшін қайтарымсыз грант табысталды, деп жазды turkystan.kz. Белсенді азаматтың жеке кәсіппен айналысуды жоспарлап отырғанын ескерген «ADAL» партиясының Саяси кеңес мүшелері 2 млн теңгенің грантын беру туралы шешім қабылдаған. Алдағы уақытта да оған кәсібін жүргізуде әдістемелік қолдау көрсетілетін болады. Партия өкілдерінің айтуынша, өткен аптада партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазымен кездесіп, «ADAL»-дың медалін табыстаған. Айта кетейік, жазда Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының тұрғындары қуаңшылықтан қысылған кезде Құрмет Талапқазы игі бастама көтерген болатын. Жас жігіт ауылдағы ағайынға шөп жөнелтуді қолға алды. Құрметтің бұл бастамасы халықтың жаппай жұмылып, қуаңшылық зардабын шеккендерге көмек қолын созуына түрткі болды.