Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

Ауа райы: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Елімізде 8 облыстың аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.

Жезқазғанда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

23 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең түнде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді.

23 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, күндіз оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда ертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін.

23 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ болуы мүмкін, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында ертең көктайғақ болуы мүмкін. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтауда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

23 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с. 23 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында ертең жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

23 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында ертең таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button