Ақтоты Райымқұлова отставкаға кете ме?

Ақтоты Райымқұлова отставкаға кете ме?

Ақтоты Райымқұлова отставкаға кете ме?
ашық дереккөзі
Бүгін өткен брифинг барысында журналистер Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кету-кетпеуі жайлы ойын білгісі келді, деп жазды turkystan.kz. «Бұл сұрақты маған бұған дейін де қойды. Мен басшылыққа өтініш жаздым, бірақ қабылданған жоқ. Бұл сұраққа жазбаша түрде де, журналистерге де жауап бергенмін», - деді Мәдениет және спорт министрі. Айта кетейік, 2021 жылы Жапония астанасында Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінен 98 лицензия алғанына қарамастан, Олимпиададан алтынсыз қайтқан еді. Дәлірек айтқанда, Қазақстан қоржынына 8 қола медаль түскен болатын.